Әнші Ерболат Ержанбаев жақында Шаһизадамен хайп жасап, көпшілік назарына түскен болатын. Осыдан соң әншіге сұраныс артқан, деп жазады "Ұйқым келмейді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Болар іс болды. Ешкімнің көңіліне тигім келмейді. Қазір біреумен суретке түсуге қорқатын болдым. Әншілердің чатында отырамыз. Бәрі маған "рискованный" адам екенсің дейді. Бірақ сонда да халыққа еш реніш жоқ. Көбіне пабликтер таратып жіберді. 2020 жылы әкем қайтыс болды да, мен басқа бизнестерге кетіп, ән айтпай кеттім. Кейін бір ән кештерінің бірінде бірге суретке түскенбіз. Содан таралып кетті ғой. Кейін телебағдарламаға шақырды.
Әлі күнге дейін жалғасып жатыр ғой. Үйде қатты кикілжің болған жоқ, енді. Ойыннан от шықты. Түнде комментарий оқимын. Неше түрлі пікірлер бар. Әркімнің жүрегіне иман берсін деймін. Көпшілігі хайп деп қабылдады. 9-20 маусым аралығында Шымкентте боламын. Он күн қатарынан. Жаман көрсе, олай шақырмас еді. Халықтың көңілінен шығу - басты мақсат", - деді Ержанбаев.
Айта кетелік, Ерболат Ержанбаев пен Шаһизада арасындағы қарым-қатынас халық арасында қызу талқыланған болатын. Кейін әншілер мұның жай ғана хайп екенін айтты.