$ 448.89  477.93  4.76

«Димашқа тиесілі еді»: Әбдіжаппар Әлқожа 500 мың теңгелік шапанға қалай қол жеткізгенін айтып берді

Димаш дегеннен кейін қызығушылық артып кетті.
Фото: instagram.com/abdizhappar_alkozha
Фото: instagram.com/abdizhappar_alkozha

Әнші, хитмен Әбдіжаппар Әлқожа дизайнердің қолынан шыққан су жаңа шапанды қалай сатып алғанын айтты. Тіпті Димаш Құдайбергеннің алдын орап кеткенін жеткізді. Бұл туралы ол "Түнгі студия" бағдардамасында айтты , деп хабарлайды Massaget.kz.

"Бұл шапанды Ержан Жолдасбек дизайнер ағамыз тіккен. Әлеуметтік желіде көріп қалдым содан ағамнан сұрасам сатылады бірақ Димаш Құдайбергеннің админстраторы айтып қойып еді. Димаш дегеннен кейін қызығушылық артып кетті. Бағасы 500 мың теңге. Димашқа табылатын шығар деп бірден ақшасын салып жібердім сосын сатып алдым",- дейді Әбдіжаппар Әлқожа.

Сондай-ақ, өнерпаз қырық мың халықтың басын жинап үлкен көкпар бергенін айтты.

"Иә, көкпар өткіздім. Енді 10-15 мың адамға жуықтап есептегенбіз бірақ қырық бес мың адам жиналды. Бұл менің өмірімдегі көрген ең үлкен көкпар болды. Жүлдеге 9 миллион теңге, 5 автокөлік және әр-түрлі бас малдар тігілді",- дейді өнер иесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары