07.06.2023, 15:20

Әнші Нұрболат Қанай шаңырақ көтерді

Фото: Instagram/qanay.913
Ал құттықтап қойыңыздар. Не жыларымды, не  күлерімді білмей отырмын.

Жастар арасында Qanay лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай үйленгенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі бұл туралы өзінің әлеуметті желідегі парақшасында мәлім етті. Сондай-ақ ол неке куәлігі мен жұбайымен бірге түскен суретін жариялады.

“Мағрип намазын бірге оқыдық. Алла Тағала екеуімізге жымиып күлген сияқты. Алла қайырлы қыл. Ал құттықтап қойыңыздар. Не жыларымды, не  күлерімді білмей отырмын”, – деп жазды Нұрболат Қанай.