$ 494.87  520.65  4.91

Динара Қырықбаева: «Екінші рет тұрмысқа шығу туралы ойланамын»

Ажырасқаныма 4 жыл болды.
Фото: instagram.com/kyrykbayeva
Фото: instagram.com/kyrykbayeva

Блогерлікке бет бұрып, кәсіпкерлікпен айналысып жүрген Динара Қырықбаева екінші рет тұрмыс құру туралы ойлап жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Ажырасқаныма 4 жыл болды. Өзімді жаман, жабырқаңқы сезінбеймін. Иә, жасырмаймын, кейде “екінші рет тұрмысқа шықсам қалай болады” деп ойланамын. Бірақ қазір жалғыздығым өзіме ұнайды”, – деп жазды Динара Қырықбаева.

Айта кетейік, Динараның сахнадан кеткеніне 15 жыл болды. Ол 2015 жылы Олжас есімді азаматқа тұрмысқа шығып, 2016 жылы қызы Айша, 2017 жылы ұлы Бисұлтан, 2019 жылы Айя есімді қызды дүниеге әкелді. Алайда әншінің бірінші некесі сәтсіз аяқталып, 2019 жылы ажырасып кетті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары