$ 498.34  519.72  4.85

«Жаман жолымды көрсеткім келмейді»: әнші Бақыт Шадаева қайта тұрмысқа шықпау себебін айтты

Көп жылдар менің жанымда ешкім жоқ.
Фото: instagram/bakhyt_shadayeva
Фото: instagram/bakhyt_shadayeva

Отандық әнші Бақыт Шадаева бүгінгі таңда бір қызын тұрмысқа беріп, немерелері бар әже атанған. Кенжесі 14 жасқа келген әнші БазарLike бағдарламасында қыз өсіріп отырғандықтан қайта тұрмысқа шықпағанын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен бақытсызбын деп айта алмаймын. Бақытты адаммын, екі қызым өсті. Менің кіші қызым - 14 жаста. Үлкен қызым тұрмыста, немерелерім өсіп жатыр. Оның бәрі үлкен бақыт қой. Көп жылдар менің жанымда ешкім жоқ.

Мен қазір жалғызбын. Неге? Өйткені, мен қыз тәрбиелеп отырмын. Қыздарға мен өнегемін, үлгімін. Мен оларға жаман жолымды көрсеткім келмейді, жауапкершілігім бар. Сондықтан әркімді өзіме жақындата бермеймін. Шын мәнінде менің жарым болса, ол маған оны дәлелдейді. Ал оның дәлелдегенін мен бағалай білетін адаммын. Әзірге кездестірген жоқпын. Балаларға, өнерге көп көңіл бөлемін. Өзімді өзім солай алдаймын.

Ал негізі махаббатты күтемін, қалаймын. Жаным барда мен ол сезімге мәңгілік бағынып өтемін. Махаббатсыз адам - бекер адам. Жас бола ма, үлкен бола ма, шынайы махаббат болса деп тілеймін", - деді Бақыт Шадаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары