Әнші Әбдіжаппар Әлқожа желі арқылы халыққа үндеу жасады. "Таныстың тойы деген науқан тоқтады" деген ол енді тек гонорарға шығатынын жеткізді, – деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
"Маған таныс! Дос, бауыр, құда-жекжат, ағайындар! Маған тойларыңызбен өтініштеріңізбен тойға шақырмай-ақ қойыңыздар. Таза гонорарға шақыру болса хабарласыңыздар. Таныс арқылы өтініш еді деген тойларыңызға рақмет. Тойсыз-ақ жігітше араласайық. Онсызда маған ешкімнің міндеті жоқ. Бәрін өзім Алланың қалауымен жігітше істеп жүрмін", – деп жазды әнші.