13.06.2023, 03:30

Индира Расылхан күйеуі опасыздық жасаған әйелдердің қателігін бетіне басты

Фото: indirarasylkhan инстаграм парақшасынан
Күйеуіме "мама" болғанның бірі менмін.

Өнерден кетіп, дінге бет бұрған Индира Расылхан әлеуметтік желіде оқырмандарымен опасыздық тақырыбын талқылады. Бұл жайлы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Индира Расылханның айтуынша, күйеуінің опасыздық жасауына әйелі себепші.

“Біріншіден, күйеуіңізге қатты беріліп кеткенсіз, ішіне кіріп кетуіңіз ғана қалды. Екіншіден, бала-шаға деп өзіңізді ұмыттыңыз. Үшіншіден, күйеуіңізді меншіктеп (иемденіп) алғансыз. Төртіншіден, телефон, сериал, құрбыларыңызбен әңгіме, біреуді талқылау.

Біріншісін талқылайық, күйеуіңізге қатты берілу дегеніміз не? Сол жігіттің артынан кетіп бара жатқан кезде ең бірінше не ойладыңыз? Әрине, “бақытты боламын, қолдау көрсетемін, ол мені сүйеді, мен де оны сүйемін, барымды жасаймын” дедіңіз. Қолдау мен қамқорлықты шатастырып алдыңыз. Қамқорлық тек балаға жасалады. Күйеуіңізге “мама” болып алдыңыз”, – дейді ол көп келіншектің неден қате жіберетіндерін айтып.

Әнші өзі де осы мәселемен бетпе-бет келгенін жасырмады.

“Қыздар, мен бұл мәселеде экспертпін деп айта алмаймын. Менің өзім де кезінде көп қателік жасадым. Мен үшін тәжірибе болды. Күйеуіме "мама" болғанның бірі менмін. Мен осылайша күйеуімді қолдаймын деп ойлаппын. Қосыла табыс табудың қажеті жоқ. Өзіңіз қарызға кіріп кеткенмен қоймай, оны да қарызға кіргізесіз. Сіз оған: “Мен саған сенемін!” деп үндемей ғана Алладан дұға тілеу арқылы қолдау көрсете аласыз. Ол сөзді есітген ер адам айналадағылардың бәрі теріс айналған кезде, бойында күш пайда бола бастайды”, – дейді Индира Расылхан тәжірибесімен бөлісіп.

Айтуынша, осылайша күйеуінің көңілдесі әйелді өзгертеді.

“Басты себеп, ол әйелі сені өзгертуге келді. Қатты айттым ба? Сіздің миыңыз қазір жарылып кетуі мүмкін. “Тапқан екен, байымды айналдырып алады, онысымен қоймай ол мені өзгерте ме?” дейсіз. Парадокс”, – деп жазды ол.