83 жастағы танымал актер Аль Пачино әке атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Крестный отец" фильмінің жұлдызы 15 маусым күні жағымды жаңалықпен бөлісті. Актер ешқашан үйленбеген, бірақ оның төрт баласы бар. Актердің 33 жастағы Джули есімді қызы, 22 жастағы Антон мен Оливия есімді балалары бар. Ал жаңа туған сәбидің атын Роман деп қойған.
Аль Пачино өкілі 30 мамыр күні актердің 29 жастағы Нур Альфаллахпен қарым-қатынасын растап, бала күтіп жүргендерін айтты. Бірнеше күн өткен соң актердің өзі Daily Mail басылымына былай деді:
"Менің балаларым көп. Бірақ қазір бұл шынымен де ерекше сәт", - деді ол.
Аль Пачино мен Нур Альфаллах арасындағы қарым-қатынас жайлы бірінші қауесеттер 2022 жылы сәуір айында пайда болған болатын. Олар бұл кезде Калифорниядағы мейрамханада көзге түсті. Оған дейін Альфаллах 22 жасында 74 жастағы рок-музыкант Мик Джаггермен кездескен болатын.
Аль Пачино үшін бұл жүктілік күтпеген жағдай болды. Ол тіпті, күмәнданып, серігін құрсақішілік ДНҚ-тест жасатуға көндірген.