Дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова Айша есімді тұңғыш қызын ұзатты, деп хабарлайды Massaget.kz.
Әлеуметтік желіде өнер иесінің әріптестері тойдың суреттерін жариялап жатыр.
"Жүніс ағам мен Айгүл жеңгеміздің қызы Айшаның ұзату тойынан естелік", - деп жазды әзілкеш Ерболат Төлеген.
"Бүгін Алматыда керемет той. Жүніс пен Айгүлдің тұңғыш қызы Айша ұзатылып жатыр. Айшаның жолы болсын, бақыты баянды болсын, тілекшіміз", - деп жазды Тамара Асар әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ, тойда Айгүл Қосанованың өзі де жырдан шашу шашып, "Маралдым" әнін орындап, кейін қызына да ән орындаған.