$ 514.65  544.6  5.17

«Шүкір еттім»: Ажырасқанын айтқан Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен бірге түскен суреттерін жариялады

"Айттан айтқа аман-есен, төрт көзіміз түгел жете берейік”, – деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева.
Фото: instagram/ zhuldizay_duisenbieva
Фото: instagram/ zhuldizay_duisenbieva

Күйеуімен айырылысып кеткенін айтқан белгілі актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әлеуметтік желіге отбасылық суреттерін жүктеп, оқырманын ойландырып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Актриса күйеуімен және қызымен табиғатта түскен суретін жариялады. 

“Бәріне шүкір еттім, Жаратушы Аллам! Айттан айтқа аман-есен, төрт көзіміз түгел жете берейік”, – деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева. 

Айта кетейік, бұған дейін актриса күйеуінің туған-туысымен қоштасып, дүниеге жалғыз қызы Аянаттан басқа перзент алып келе алмайтынын айтқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары