$ 439.4  473.54  4.76

«Әйелдеріміз де ұқсайды»: Жахан Отарғалиев өзінің «егізін» тауып алды (ВИДЕО)

Ал видеодан Жаханның өзіне аумайтын жігітті көргенде күлкіге ерік беріп, таңғалғанын көруге болады.
Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev
Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev

Отандық актер Жахан Отарғалиев өзіне ұқсайтын жігітті жолықтырды. Олардың видеомен сөйлескен сәті әлеуметтік желіге тарап кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы «Өмірлік кеңес» Instagram парақшасында жарияланған.

Жахан өзінің егізін тапты. Ұқсайды ма? - деп жазылған видео жазбасында.

Ал видеодан Жаханның өзіне аумайтын жігітті көргенде күлкіге ерік беріп, таңғалғанын көруге болады.

Екеуіміздің әйелдеріміз де ұқсайды ғой, - деді Жахан Отарғалиев күліп отырып.

Желі қолданушылары да актер мен жас жігіттің ұқсастығына таңғалғанын жасырмай, пікір қалдырды.

«Аумайсыздар», «Ұқсамайтын сияқты», «Жақсылап күліп алдым», «Шаш үлгісі ұқсайды», - деп жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары