Әнші Асан Пердешов отбасылық өмірі, әйелімен қалай танысқаны туралы айтты. Бұл туралы ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатта әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Қара қызым", "Сені ұмытамын", "Сені ғана" хит әндерінің орындаушысы, көп көзіне түспей, шығармашылықтан алыстап кеткен Асан Пердешов жиі айта бермейтін тақырыпта сөз қозғады.
Жалпы, әнші болып жүргенде, қазіргі жұбайымды "дауысы жақсы" деп алып келдім. Мен ол кезде ауыл-ауылды аралап, концерт беріп жүргенмін. Содан қыздың ата-анасынан "Осы қызға бір ән жазсаң" деген ұсыныс түсті. "Қос қанатым" деген ата-анасына арналған әнді орындап шықты. Осылай өмір өте берді. Үйлену керек болды. "Аспаннан іздегенім, жанымда жүр екен" дегендей, отбасын құрдық, - дейді әнші.
Әйелінің ән айтып, сахнаға шығуына қарсы болған Асан Пердешов жары қазір үй шаруасында екенін айтты.
Отбасы құрған кезде "Осы кезге дейін ән айтып көрдің ғой енді. Бір үйге бір әнші, бір тойшы жетеді. Мен ән айтайын, сен микрофонды қоясың-ау" дедім. Қазір Аллаға шүкір екі перзентіміз бар. Бір ұл, бір қызымыз бар. Алланың бергені, жақсы отбасымыз. Аллаға шүкір, бақыттымын. Ата-анам, бала-шағам, жұбайым бар, - деді Асан Пердешов.