$ 441.66  475.14  4.86

Әсел Сәдуақасова құрбыларының басын қосып, қызойнақ өткізді

Кеш қонақтары жиынға кино және мультфильм кейіпкерлерінің образында келді.
Коллаж: stan.kz
Коллаж: stan.kz

Танымал актриса Әсел Сәдуақасова жақын достары мен құрбыларын жинап, дүркіретіп қызойнақ өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кеш қонақтары жиынға кино және мультфильм кейіпкерлерінің образында келді. Отандық шоу-бизнес өкілдерінен актриса Жәния Джуринская, Сая Оразғалива, әнші Рано Омарова, Айман Құлымбетова сынды жұлдыздар төбе көрсетті. Ал өміріндегі маңызды кешті естен кетпестей етіп өткізбек болған қалыңдықтың таңдауы аппақ қысқа көйлекке түскен екен.

Негізі қалыңдықтың қызойнағын оның жақын құрбылары ұйымдастырады. Алайда Әсел Сәдуақасова кештің ұйымдастыру жұмыстарын өз мойнына алған. Актриса не себепті мұндай шешім қабылдағанын бұған дейін түсіндірген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары