Дархан мен Daricorn "Қызық Times" бағдарламасында отбасы туралы әңгімелеп берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Қызық Times" бағдарламасының жүргізушісі Марат Оралғазин қазақстандық әнші Daricorn-нан отбасында кім бастық деп сұраған. Daricorn үйде еркектің сөзі заң екенін айтты. "Бұл кісі бастық. Еркектің сөзі заң", - деді ол.
Бірақ әнші Дархан Жолшыбековтың айтуынша, ол әр шешімді жұбайымен бірге ақылдасады.
Не болмайды бұл өмірде? Көрдік қой. Сұрап, айтып, ақылдасып алып айту керек екен ғой, - деді Дархан Жолшыбеков.