Қытайдың "I am singer - 2017" музыкалық тележобасында өнер көрсетіп жатқан қазақ әншісі Димаш Құдайберген қытайлық әріптесі, осынау жобадағы бәсекелесі әнші Тан Цзиннің үйінде қонақта болды. Бұл туралы Димаш өзінің Инстаграм-парақшасында мәлімдеді.
Тан Цзин қазақ әншісіне сиыр етінен әзірленген "халал" тұшпара пісіріп беріпті. Тіпті, асханасына кіргізіп, тұшпараны бірге түюге де мүмкіндік берген.
- "I am Singer" жобасында көп таныс, достар таптым! Әр бір танысымның ыстық ықыласы, маған деген ниеті ерекше көңіл-күй сыйлайды. Қарсыласым болса да, қонақжайлығын көрсетіп Тан Цзин Бейжіңдегі үйіне қонаққа шақырды. Тан Цзин қытайдың атақты әншісі, көптеген xалықаралық байқаулардың жеңімпазы! Ата-анасы да өнерден ауылы алыс емес. Дастарxан барысында бірге ән шырқап, әдемі тілектер айтып, қызықты әңгіме-дүкен құрдық. Менің xалал тағам ғана жейтінімді білген Тан Цзиннің анасы сиыр етінен дайындалған түшпара дайындады. Тіпті, бір-екеуін өзін де істеп көр деп ұсыныс білдірді. Әрине, менен мықты аспаз шықпас, бірақ қолымнан келгенше тырыстым! Тан Цзиннің отбасы, ата-анасымен танысқаныма қуаныштымын, керемет жандар! Десек те, өз Анамның дайындайтын тамақтарын сағынып кеттім, - деп жазды Д.Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, қазақ әншісі осынау тележоба арқылы қытайлық миллиондаған көрерменнің жүрегіне жол тапты. Тележобаның үш байқауының қорытындысында ол көш бастап тұр.