$ 444.22  476.38  4.82

Қытайдағы ән байқауында Димаш тағы да топ жарды

Қытайдағы танымал тележоба «Мен әншімін» байқауына қатысып жатқан отандасымыз байқаудың алтыншы кезеңінде тағы да бірінші орынды алды деп жазады «Қамшы» порталы.

Димаш қатысып жатқан ән байқауының алтыншы кезеңін саралау кеше өткен. Ол Adagio әнін пианинода орындап, тік тұрып құрмет көрсеткен көрерменді таңдай қақтырып, тағы да талассыз бірінші орынды алды. Байқаудың аталған саны келесі аптаның сенбі күні өз уақытында Hunan телеарнасынан көрсетіледі. Бір қызығы аталған ән Димашты кездесуге шақырған Лара Фабианның орындауында танылған.

Айта кететін болсақ, Димаш аталған байқаудың алғашқы екі кезеңінде де біріншілікті алып, миллиардтар елінде феноменге айналып үлгерді. сайыстың бірінші күнінде қазылар алқасы тарапынан ең жоғарғы ұпай жинап, жеңімпаз атанды. 10 қаңтар күні Димаш Қытай көрерменінің алдына алғаш рет шыққан соң, жас әнші туралы Қытай баспасөзі жаза бастаған. Тіпті кейбір басылым оны «Димаш – Тәңір өзі назарына алған жас әнші» деп бағалаған еді.

Естеріңізге салсақ, Димаш 1, 2 кезеңде бірінші орын, 3, 4 кезеңде үшінші орын, 5 кезеңде 5 орын алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары