$ 473.15  515.12  5.4

Әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты

Бәрі жақсы, уайымдағандарыңыз үшін рақмет айтамын!
Фото: instagram.com/toregalitoreali
Фото: instagram.com/toregalitoreali

Эстрада жұлдызы, әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты. Бұл туралы өнер иесінің адвокаты Эльнура Кишкенебаева өзінің TikTok парақшасында хабарлап айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Өнер иесінің адвокаты қазір әнші үйіне барғанын жеткізді.

Төреғали ұлдарыңыз бостандыққа шықты. Барша қолдап, қорғаған оқырмандарға мың алғыс! Бәрі жақсы, уайымдағандарыңыз үшін рақмет айтамын!, - дейді адвокат.

Адвокат Эльнура Кишкенебаева әншіге қолдау көрсеткен барлық оқырмандардың пікірін жинап әншінің бостандыққа шыққанын жазып, видео жүктеді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видео тараған еді. 

Алматының полиция департаменті мәліметінше, 14 маусымда Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы 1992 жылы туған А. (Уикипедиядағы мәлімет бойынша, Төреғали Төреәлінің тегі - Әлиханов) есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқан.

Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессив болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды. Құқықбұзушының жолы бұғатталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық тексеріске алып барды. Сараптама нәтижесінде А. есімді азаматтың есірткіге мас екені белгілі болды, - делінген полиция хабарламасында.

Кейін полиция Төреғали Төреәлінің ұсталған сәті анық көрінетін видеоны жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары