$ 441.58  480  4.86

Айсәуле Бақытбек екінші сәбиін көпшілікке көрсетті (фото)

Көпшілік Айсәулені екінші рет сәбилі болуымен құттықттады.
Фото: instagram.com/aissaulebakytbek
Фото: instagram.com/aissaulebakytbek

Осыдан бірнеше күн бұрын Айсәуле Бақытбек екінші рет қызды болды. Блогер перзентханадан шыққан сәтін көпшілікке бөлісіп, жаңа туған нәрестесін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ол отбасылық суретін Instagram желісіне жариялаған. "Менің жанұям", - деп жазды блогер.

Желі қолданушылары Айсәулені екінші рет сәбилі болуымен құттықтап, ақ тілегін жаудырды.

"Бауы берік болсын", "Бақытты жанұя болыңыздар", "Анасына да, сәбиге де мықты денсаулық тілейміз", "Тіл-көзден сақтасын", "Өзіңіз секілді көркем мінезді қыз боп, өсе берсін", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек 20 шілде күні екінші қызын өмірге әкелді. Бұл жаңалықты көпшілікке Аша Матай бөліскен еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары