$ 498.34  519.72  4.85

«Бәріне төзді»: Рысбек Аташ әйелімен алғаш кездескеніне 15 минут өткенде оған үйленуге ұсыныс жасаған

Болашақ жарымды "Әке-шешем разы болсын" деген ниетпен іздедім.
Фото: instagram.com/rysbek_atash
Фото: instagram.com/rysbek_atash

Отандық әнші Рысбек Аташ алғаш рет отбасы жайлы құпиясын бөлісті. Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында әйелін алғаш рет көріп, 15 минут ішінде үйленуге ұсыныс жасағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әйелім Жезқазған өңірінің тумасы. Мамандығы экономист. "Арай" тобындағы Медеттің туған нағашы қарындасы. Сол кісінің әжесінің үйінде шай ішіп отырғанда кездестік.

Біздікі қызық, сол жерде 15 минут сөйлестік. Ол оқуға кетуі керек болды. Сол жерде бірден ұсыныс тастадым. Сенімім ақталып, "иә" деді. Онда осы күні алып қашамын дедім. Алматыға келдім де, алып қаштым.

Болашақ жарымды "Әке-шешем разы болсын" деген ниетпен іздедім. Сезімге қатты бой берген жоқпын. Жалпы, біреуді қатты жақсы көрдім, ғашық болдым деп айта алмаймын. Әкемді - әке, анамды - ана деп, сол кісілердің көңілінен шықса деген ниетпен алдым ғой. Шүкір, уақыт өте келе жақсы көру де бар. Келіншегімде адам бойында болу керек қасиеттің бәрі де бар, Аллаға шүкір. Қатты болдым. Соның бәріне төзді. Адам өсе келе жұмсарады ғой. Мен жастай үйлендім. Ол кезде 21 жаста едім", - деді Рысбек Аташ.

Сонымен қатар әнші балалары жайлы айтпауының себебін түсіндірді.

"Балаларымның санын айтпай-ақ қояйын. Себебі, тіл-көз бар. Бұрын көп айтатынмын, қазір ашып айта беруді тоқтаттым. Жеке өмір - жеке күйінде қалғаны жақсы. Өнер адамы болғаннан кейін халық тек өнерімізді көрсе, өнерімізді білсе деген ниетім бар. Балаларымның әнші болғанын қаламайтын шығармын. Ұлдарымның - спортшы, қыздарымның - дәрігер болғанын қалаймын. Өздері таңдайды ғой. Олар өсе келе мың өзгереді", - деді Рысбек Аташ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары