$ 494.87  520.65  4.91

Төреғали Төреәлінің әйелі ата-енемен тұрудың қаншалықты қиын екенін айтты

Осы уақытта белең алған ең жиі сұрақтар: Ата-енемен тұру қалай? Шаршамайсыз ба? Қиын емес пе?
Фото: ©instagram.com/toregalitoreali
Фото: ©instagram.com/toregalitoreali

Атышулы әнші Төреғали Төреәлінің келіншегі ата-енесімен бірге тұрады. Толқын осыған қатысты оқырманнан келген сауалдарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқырманның: “Ата-енемен бірге тұрып шаршаған жоқсыз ба? Күнде шәй, тамақ...” деген сұрағына Толқын: “Қайта ата-енемнің батасын алып үлгергім келеді. Осы уақытта белең алған ең жиі сұрақтар: “Ата-енемен тұру қалай? Шаршамайсыз ба? Қиын емес пе?” Ата-енем мені дүниеге әкелмегені болмаса, ата-анам ғой. Адам ата-анасынан шаршай ма? Ата-енеме Алла разы болсын! Жылда балаларды дүниеге әкеліп, ештеңені уайымдамай жүруім – олардың еңбегі”, – деп жауап берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары