$ 442.05  474.14  4.74

«3 миллион теңгеге тұсау кеседі»: Ерке Есмахан жалған ақпарат таратқандарға ашуланды

«Заңға жүгінсем, бұл өтірік ақпаратты қалай дәлелдейсіздер?! Өмірімде бір-ақ рет тұсау кесіппін, оның өзінде тегін» дейді ол.
Фото: instagram.com/erke_esmahan
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан тұсау кесуге 3 миллион теңге алады деп жалған ақпарат таратқандарға өкпелеп, заңға жүгінетінін айтты, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Неге кез келген жанжалдың басында мен тұрамын? Кімнен сұрап білдіңіздер?! Әлде хайп қуған түрлеріңіз бе?! Ұят қой тіпті. Заңға жүгінсем, бұл өтірік ақпаратты қалай дәлелдейсіздер? Өмірімде бір-ақ рет тұсау кесіппін, оның өзінде тегін. Алла көріп тұр. Қазақтың салтын ақшаға сатылады деп жариялап, адамдарды адастырып, мені комментке талатып мәз болып отырғандарыңыз адамшылыққа жатпайды. Оқырмандарым, мен шаршадым. Не істесем болады? – деп жазды Ерке Есмахан. 

Еске салсақ, бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде Ерке Есмаханның 3 миллион теңгеге тұсау кесетіні туралы ақпарат тараған. Алайда әнші мұны жоққа шығарып, жалған ақпарат таратқандарды хайп қуып отырғанын айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары