Көпшілікке Zheka лақап есімімен танымал блогер Жеңіс Омаров сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Бойжеткен блогерге тұрмысқа шығуға келісім берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Блогер сүйгеніне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған сәтті Instagram парақшасында бөлісті. Видеодан Zheka мен бойжеткеннің арнайы ұйымдастырылған романтикалық орынға келгенін байқауға болады. Содан соң блогер қорапты ашып, жүзікпен ғашығына ұсыныс жасайды.
Аллаға шүкір, сізді таптым. Алла Тағала жан жарыңызды табуды нәсіп етсін, - деп жазды ол.
Айта кетейік, Жеңіс Омаров сүйіктісінің кім екенін көпшіліктен жасыруға тырысқан. Ал кешірек жарияланған суреттерде бойжеткен бетін қолымен көлегейлеп, жапқан.
Мен не сезінемін? Әйтеуір дегенде, жан тыныштығын сеземін, - деді Жеңіс Омаров.