$ 522.49  547.88  5.06

«Меккеде таныстым»: Әнші Qanay-дың таңдауы не себепті орамалды аруға түсті

Мінезі қандай, өзі қандай деп сынап жүре бермей ұнаса тәуекел етіп шаңырақ құру керек.
Фото: ©instagram.com/qanay.913
Фото: ©instagram.com/qanay.913

Жуырда ғана үйленген Нұрболат Қанай соңғы кездері әлеуметтік желіде белсенді емес, тіпті той мен концертте өте сирек кездесетін болған. Stan.kz экслюзив сұхбат алып, мән-жайды білуге тырысты.

–  Нұрболат, сәлем! Соңғы кездері сахнадан, тойдан сирек көрініп жүрсіз. Қазір немен айналысып жүрсіз?

– Нұрболат Қанай үйленген соң, соның буымен демалып жүр. Әрине, әзіл ғой. Қазір жеке әндерімді бірінен соң бірін шығарып жатырмын. Оның ішінде калобрациялар да бар. Жеке альбом шығару да жоспарымда бар. Соғын кірісіп жатырмын.

– Топтың парақшасынан тойда жүрген екі жігітті жиі байқаймыз. Бірақ сіз көрінбейсіз. Топ құрамында барсыз ба, әлде бөліндіңіздер ме?

– Бізде Меховая 8/1 тобында арнайы шарттары бар. Мысалы, мен топпен бірге барсам біздің гонорарымыз басқа, ал топ менсіз барса гонорарымыз басқа болмақ. Мен жеке ән айтсам, оған бөлек еңбекақы алам. Топпен шықсам, оған да бөлек төленеді. Сол себепті көп кезде жалғыз мені немесе Қабдол мен Жандосты бөлек шақырады. Ал, топпен бірге шақырса қуана өнер көрсетемін. Жалпы топтың құрамынан кетпедім. 

– Жақында бір басыңыз екеу болды. Құтты, берекелі неке болсын. Жарыңызбен қашан қалай таныстыңыз?

– Рахмет. Барлық бойдақтарға жұғысты болсын деймін. Жарыммен Меккеде таныстым. Әрі қарай тереңдетіп айтқым келмейді. Жеке өмірдің жекеше болып қалғаны абзал.

– Үш рет кездесіп үйлену шариғатта сүннет амалы болып табылады. Өзіңіз қанша рет кездестіңіз?

– Әрине, Алланың бұйрығынан аттап ешкім жақсы болмайды. Бізде сол сүннетке амал жасап, үш рет кездесіп үйлендік.

– Үйленген соң өмірде де, өнерде де өзгерістер сезіліп жатқан шығар?

– Өзгерістер сезілуде. Қазір жанымда әйелім болғандықтан, көп бұрынғыдай оңды-солды жүру деген жоқ. Үйге асығып тұрамыз. Бұрын тек өзім үшін жауапты болсам, қазір жан-жарым үшін де жауаптымын. Оны ойлаған сайын өзгеше сезімге бөленіп, бірден ес жинап, өмірге басқаша қарайтын болыппын.

– Орамалды аруға үйлену принцип болды ма әлде сәйкестік пе?

– Иә, өзім Алланың қалауымен сәждеге басым тиген бақытты жанмын. Сондықтан орамал тағып, әуретін жапқан қызды жар ету менің нақты мақсатым болды. Болашақ жарымның намазда, орамалда болуын қаладым. Алладан сұрадым. Тілегімді Алла қабыл етті.

– “Дені дұрыс жігіт жоқ, қыз жоқ” дейтін бойдақтарға не айтар едіңіз?

– Біріншіден, қыз да, жігіт те ойланып жүрсе, тексеріп жүрсе, жүре береді. Мінезі қандай, өзі қандай деп сынап жүре бермей ұнаса тәуекел етіп шаңырақ құру керек.  

– Сізді уайымдататын үш мәселе қандай?

– Әке-шешемнің жағдайын жасап берсем деген арманым бар. Кейде іштей “ол кісілерге жағдайларын жасап, жақсылық көрсетіп үлгермей қалмайын” деген уайым болады. Екіншіден, әрине, шығармашылыққа байланысты уайым бір бөлек.  Ешқашан Қазақстанда болмаған, тарихта қалатын концертті қашан, қалай өткіземін деген уайымым бар. Үшінден, “Неге басыма проблемалар келмей жүр. Алла Тағала мені ұмытып кетті ме?!” дейтін уайымым бар. Себебі Алла сынақты тек өзінің сүйікті құлына береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары