$ 441.66  475.14  4.86

Әнші Шаһизаданың төртінші немересі дүниеге келді (видео)

Жаңа ән жазып, студиядан келсем, балам керемет жаңалығымен қуантты.
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден

Әнші Шаһизада Байбатжанова көпшілікке қуанышты жаңалығын бөлісті. Өнер иесі Instagram парақшасында төртінші немересі дүниеге келгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Менде үлкен қуаныш, құттықтап қойсаңыздар болады. Бүгін төртінші немерем Әмір дүниеге келді. Сіздерге де жұғысты болсын", - деп жазды Шаһизада.

Сонымен қатар әнші бұл жаңалықты естіп, қуанышы қойнына сыймай отырғанын жеткізді.

"Жақсылық жақсылыққа ұлассын. Жаңа ән жазып, студиядан келсем, балам керемет жаңалығымен қуантты. Жүрегім қуаныштан жарылайын деп тұр. Төртінші немерем туылды. Аллаға шүкір. Бақытты боп отырмын. Баршаңызға осындай қуанышты шын жүректен тілеймін. Балалар аман болсын", - деп айтты әнші өзі жариялаған видеода.

Ал желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін білдірді. "Бауы берік болсын", "Бізге жұғысты болсын", "Бақытты болсын", "Құттықтаймын", - деп жазды желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары