$ 494.87  520.65  4.91

«Достарыма ауыртпалық салғым келмеді»: әнші Бақыт Шадаева сырқаттанып қалғанын айтты

Алматыда жол бойындағы кафеден ас ішкен.
Фото: Instagram/bakhyt_shadayeva
Фото: Instagram/bakhyt_shadayeva

Отандық әнші Бақыт Шадаева Instagram парақшасында сырқаттанып қалғанын айтты. Өнер иесі сырттан ас ішіп, үш күн бойы ауырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматыда жол бойындағы кафеден ас ішкен едік. Құрбым екеуіміз кафеден ішкен астан уландық. Қызым тек сусын алғандықтан, оның жағдайы жақсы. Үш күн бойы диареямен ауырдым. Саяхаттап жүріп, дәрі табу оңай емес. Дәрігердің бақылауынсыз не ішу керектігін білмедім. Достарыма ауыртпалық салғым келмеді. Біз жүрген жерімізде концерт береміз. Сахнаға шығар алдында ішім қатты ауырды. Асқазаным ауырғанына қарамастан, ән айтуға тура келді. Адамдар күткендіктен, әнімді орындап шықтым. Бірақ көңілім толмады. Мазасыздандым. Сіздерден де жолда ас ішкенде абай болуларыңызды сұраймын, - деп жазды Бақыт Шадаева.

Айта кетейік, осыған дейін Бақыт Шадаева әріптесі Сейфуллин Жолбарыспен араласпай кеткенін, оған Сейфуллиннің өзінен пәтер сатып алып, артынша ақшасын бермей қоюы себеп болғанын мәлімдеген.

Алайда Сейфуллин Жолбарыс отандық бағдарламада әріптесінің сөзін жоққа шығарып, одан ешқандай пәтер алмағанын жеткізді. Бақыт Шадаева отандық бағдарламада өнердегі әріптесіне өкпесін жеткізген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары