$ 443.44  480.51  4.88

Мұхитқа ұзақ қарасаң...: Димаш Тынық мұхитынан видео бөлісті

Видеоны әншінің биыл шыққан "Өмір" атты композициясы сүйемелдеп тұр.
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Әнші, музыкант, әлемге танылған артист Димаш Құдайберген Тынық мұхитына барған сәтінен фото-видео бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бүгін Тынық мұхитына барамыз деп шештік" деп жазды ол фотоның сипаттамасына.

Содан кейін әнші фотомен қатар, мұхит жағасында түсірілген мини клипті де көрсетті. Видеоны әншінің биыл шыққан "Өмір" атты композициясы сүйемелдеп тұр.

Мұхитқа ұзақ қарасаң адамдарды сағына бастайсың. Ал адамдарға ұзақ қарасаң мұхитты сағынасың". Харуки Мураками, - деп жазды Димаш видеоның сипаттамасына.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары