$ 494.87  520.65  4.91

«Басқа жолды таңдадым»: Рүстем Жүгінісов те діни көзқарасына байланысты ән айтпайтынын жеткізді

Видеоға пікір қалдырған желі қолданушылары оны танымай қалғанын айтқан.
Фото: Instagram/zhugunussov
Фото: Instagram/zhugunussov

Әнші Рүстем Жүгінісов оқырмандарын қызықтырған сұраққа жауап берді. Ол қазір әнші емес екенін айтты, деп хабарлайды Massaget.kz.

Рүстем Жүгінісов Instagram-да інісі «Мирас Жүгінісовпен фит жазу ойыңыз бар ма?» деген сұраққа жауап берген. Жүгінісовтің айтуынша, оған мұндай сұрақ қойылмағалы біраз болған. 

Күлейін бе, жылайын ба? Мұндай сұрақтар қоймағалы біраз болған еді, негізі. Сіздер білесіздер ме, мен ән айтпай, әнді тастағаныма екі жыл болғанын. Мына түріммен қалай мен Мираспен фит жазамын, - дейді Жүгінісов сақалын ұстап.

Ол басқа жолды таңдағанын айтады.

Оқи отырыңыз: Айдана Меденова оқырмандарына енді ән айтпайтынын жеткізді

Болды, мен басқа жолды таңдадым. Мен әнші емеспін қазір, сондықтан да біліп жүріңіздер, Мираспен фит жазбайтынымды, - дейді Жүгінісов.

Видеоға пікір қалдырған желі қолданушылары оны танымай қалғанын айтқан. 

«Танымай қалдым», «Әнге қарсысыз ба қазір?», «Бұл кім? Қандай ән айтады?», «Рүстем, сіз керемет әншісіз, - дейді қолданушылар. 

Әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан дін жолына бет бұрғанын байқауға болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары