05.08.2023, 17:30

«Барда мас болып, билеп жүр»: Танымал блогер өзіне қатысты тараған ақпаратқа жауап берді (ВИДЕО)

Бұған дейін TikTok желісінде Damelya Sweet пен Әлихан Байзақовтың бірге түскен видеосы тараған болатын.

Damelya Sweet есімді танымал блогер желіге тарап кеткен Айжан Байзақованың інісімен түскен видеосына түсініктеме берді, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтқан.

Менде бір видео бар. Бірақ ол клубта емес, караокеде түсірілген. Адамдар «Барда мас болып, билеп жүр» деп қауесет таратты. Бірақ шындығында олай емес еді. Видео 2018 жылы түсірілген. Мен 18 жастамын. Сол кездегі жігітіммен билеп жүрмін. Ішімдік ішпегенмін. Бұл туған күнге ағам өзі апарып тастаған еді. Ал видеоны анам көрді. Ал адамдар бір видеомен намысымды таптады, - дейді Damelya Sweet.

Бұған дейін TikTok желісінде Damelya Sweet пен Әлихан Байзақовтың бірге түскен видеосы тараған болатын.