$ 439.4  473.54  4.76

«Күннің ыстығында күтіп отыр»: анасына құшақ жая жүгірген Ердос Қанаев көпшілікті сүйсінтті (видео)

Желі қолданушылары әнші мен анасының бұл видеосына сүйсінгенін жасырмай, жарыса пікір қалдырды.
Скриншот: instagram.com/erdoskanaev
Скриншот: instagram.com/erdoskanaev

"Жігіттер" тобының әншісі Ердос Қанаев өзін күтіп отырған анасының видеосын жариялап, көпшілікті сүйсінтті. Әнші анасына құшақ жая жүгірген сәтті Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анашыма "Келе жатырмын. Қазір барып қаламын" деп қоңырау шалғанмын. Сөйтсем, күннің ыстығында мені сыртта күтіп отыр. Ана деген осындай екен ғой, - деп жазды Ердос Қанаев.

Сонымен қатар видеода әншінің анасына қарай құшақ жая жүгіргенін байқауға болады. Ал жанына жеткеннен кейін Ердос Қанаев анасының маңдайынан, қолынан сүйіп, құшағына басады. Ал желі қолданушылары әнші мен анасының бұл видеосына сүйсінгенін жасырмай, жарыса пікір қалдырды.

"Жұмақ ананың табанының астында", "Анамды сағындым. Мәңгі тірі жүретіндей, бір қатты құшақтамаған екенмін", "Анасы бар адамның басында алтын тәжі бар деген осы екен ғой", "Көзіме жас келіп, жүрегім елжіреп кетті", "Анаңыз жүз жасасын", "Қандай керемет", - деп жазды желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#пікір #ана #әнші