$ 442.05  474.14  4.74

91 тобының тікелей эфирдегі тосын мәлімдемесі жанкүйерлерін дүрліктіріп жіберді

Біз қазіргі образымыздан демалып, үзіліс жасағымыз келеді.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

TikTok-та тікелей эфир барысында 91 тобының мүшелері жанкүйерлерден келіп түскен сұрақтарға жауап берген видеосы тарады. Сондай бір жауап әншілердің өнеріне табынушылар үшін күтпеген соққы болып тиді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардан топтың болашаққа жоспары туралы сұралады. Жігіттер алдымен белгісіз мерзімге демалысқа кететіндерін айтады, одан кейін тіпті уақытын да нақтылайды.

Біз қысқа дейін концерт береміз. Содан кейін белгісіз мерзімге, 1-2 немесе 3 жыл үзіліс жасауды жоспарлап отырмыз. Мүмкін әрқайсымыз өз жолымызбен кететін шығармыз. Мүмкін бағытымыз өзгерер. Біз қазіргі образымыздан демалып, үзіліс жасағымыз келеді. Қайтып келсек те бәрі бұрынғыдан өзгеше болуы мүмкін, – деді топ мүшесі AСE.
Мұны естіген топ жанкүйерлері дүрлігіп кетті. Олардан тарамауын сұрап, наразылық білдірді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары