Танымал әнші Жазира Байырбекова жолда көлікпкен келе жатқанда әлдекім оқ атқанын айтып, жазба жариялады. Әнші желідегі парақшасында оқыс оқиғаның қалай болғанын баяндаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Кеше түнде, таңғы 3-4 шамасында Жаркенттен қайтар жолда Шелекке жақын көпірдің астынан көлікпен өте бергенде төбемізден оқ атылды. Көбіне төбесін ашып қоятын едім, қайта дәл сол сәтте жауып қойғанмын. Әйтпесе басыма тиетіні анық. Люк шашылып қалды.Өзіміз аманбыз шүкір! Қап қараңғы, ештеңе көре алмадық. Түнде жүрмеуге тырысыңыздар. Кімдер, не үшін түк түсінбедік, - деп жазған әнші желі парақшасында.
Жазбаны оқып, пікір қалдырған желі қолданушылары әншіге амандық тілеп, алаңдаушылық білдірді.
"Бір аптаның ішінде Арыста 4 адамды атып кетті, Алматы облысында 70 адам төбелесіп, салдарынан 17 жастағы баланы атып тастаған, енді міне сіздерге атылған оқ... Бұл не қылған оқ? Қайдан алған мылтық, шашылып жатқан не қылған бытыра? Тексеру керек қой... Сұмдық қой", "Қалай ол, камера, полиция қайда? Оп-оңай қару ұстап, атып журе беретін кімдер?", "Алла жар болсын! Аман болыңыздар! Ең сүйіп тыңдайтын әншілерім осы кісілер", - деп жазды пікір қалдырушылар.