$ 498.34  519.72  4.85

Құралай ханым күйеуінің көзіне шөп салған кезін еске алды

Ол жағдайға алғысым шексіз.
Фото: "Алғашқы" бағдарламасы
Фото: "Алғашқы" бағдарламасы

Қазақша психологияны дәріптеуші Құралай Ошақбаева күйеуі жайлы жан сырын ақтарды. Құралай ханым лақап есімімен танымал психолог "Алғашқы" бағдарламасында жұбайының көзіне шөп салған уақытын еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ер адам 30 жасқа келгенде "Шай қой" дейді екен. Қырық жасқа келгенде, "Шай ішеміз бе" дейді екен. Ал елуге келгенде "Шай қойып қойдым, жүр ішейік" дейді екен. Сол сияқты менің азаматым да елуге келді, оның үстіне алты баламыз бар. Сосын ол да көп оқиды. Әйелі Құралай еместер де оқып, дамып жатыр. Елдің бәрі қазір тыпырлап бірнәрсе іздеп жүр", - деді Құралай ханым.

Сонымен қатар бағдарлама жүргізушісі Құралай ханымнан "Неше мәрте көзіңізге шөп салды?", - деп сұрады. "Жаңадан үйленген жылдары болды. Негізі менің психологияға келуіме отбасыдағы жағдайлар әсер етті. Содан кейін мен көп ізденіп, оқып, психологқа бардым. Сайттар болатын, сол жерден оқыдым. Сөйтіп, отбасымызды бір жүйеге келтіріп алдық. Қазір бетіне баспаймын. Ол жағдайға алғысым шексіз. Егер ол жағдай болмаса, мен әлі ауылда сиыр сауып отырар едім", - деді Құралай ханым. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары