$ 494.87  520.65  4.91

Блогер Zheka Fatbelly сүйіктісімен заңды некесін қидырды (видео)

Видеодан Жеңіс Омаров пен жұбайының құжаттарға қол қойып, бір-біріне неке жүзігін таққанын көруге болады.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Блогер Zheka Fatbelly осыдан біраз уақыт бұрын сүйіктісімен мұсылманша некесін қидырған болатын. Жеңіс Омаров көпшілікке жұбайымен заңды түрде неке қидырғанын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Блогер Instagram желісінде маңызды күннің видеосын бөлісті.

"Біз енді заңды түрде әйелі мен күйеуіміз", - деп жазды Zheka Fatbelly.

Видеодан Жеңіс Омаров пен жұбайының құжаттарға қол қойып, бір-біріне неке жүзігін таққанын көруге болады. Неке сарайында блогердің қуанышына ортақтасу үшін жақындары мен достары жиналған.

Айта кетейік, осыған дейін блогер жұбайына 2000 дана раушан гүлін сыйлап, тосынсый жасаған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары