$ 443.44  480.51  4.88

Ресейлік әнші Земфира қазақстандықтардан кешірім сұрады

Өнер иесі жазбаны асығыс жариялағанын айтып ақталды.
Фото: t.me/zemfira
Фото: t.me/zemfira

Алматы мен Астана қалаларында концерт беріп, басы дауға қалған Земфира қазақстандықтардан кешірім сұрап жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұған дейін өнер иесі әлеуметтік желіде концерттің ұйымдастыру деңгейіне қанағаттанбағанын білдіріп,  “Қазақстан” атауын кіші әріппен жазған болатын.

Өнер иесі жазбаны асығыс жариялағанын айтып ақталды.

Қазақстан, сіздерді ренжіткім келмеді. Жазбаны барынша қысқа әрі асығыс, тыныс белгілеріне мән бермей жаздым. Кешірім өтінемін. Менің барлық тыңдарманым керемет. Оның ішінде Қазақстан да бар. Расымен құшақ жая қарсы алды, – делінген жазада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары