$ 494.87  520.65  4.91

«Сені неше рет ұрып, қорлады». Төреғали Төреәлінің әйелі күйеуін тиран дегендерге ескерту жасады

Сен соның бәріне төзіп жүрсің.
Фото: instagram.com/tolkynturarbekkyzy
Фото: instagram.com/tolkynturarbekkyzy

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желіде оқырманының сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Толқын ханымның айтуынша, оған жазылушыларынан түрлі хаттар келеді. Алайда белгісіз желі қолданушысының күйеуі Төреғали туралы айтқан сөздері оның шамына тиген. 

Толқын, ақыл үйретіп отырған сен. Өзіңнің жолдасың сені неше рет ұрып, қорлады. Сен соның бәріне төзіп жүрсің. Себебі, онсыз сен өмірді елестете алмайсың, өзіңді-өзің материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету қиынға соғады. Бірақ саған күйеуіңмен ажырасып, бақытты өмірді таңдауға да болар еді. Алладан тиран күйеуден құтқаруын сұрап, өзіңе лайықты ер азаматпен тыныш ғұмыр кешуді сұрауға мүмкіндігің бар еді. Бірақ осының орнына барлығына төзіп, шыдамды болуға үйретіп жүрсің, – делінген оқырман хатында. 

Толқын осы хатты алғаннан кейін өзгенің өмірі жайлы білмей жатып ештеңе айтуға болмайтынын ескертті.

Жекеме өте көп хаттар келеді. Соның біреуіне қатысты ескерту айтқым келеді. Қыздар, сенімен өмір сүріп жатқандай сенімді жазатындарды оқығанда таңғаламын. Адамның ішін де, сыртын да бұл өмірде ешқашан шын мәнісінде біле алмаймыз. Көзбен көргеннің өзі жалған болып қалмасына ешкім кепіл емес. Сондықтан ақиқатты білмей пікір айтудан аулақ болсаңыздар. Әйелдер қауымына тиран күйеуге шыдасын демеймін. Бірақ күресудің әртүрлі жолы бар. Уақыты келгенде біраз ақиқатты білгенде өте қатты ұялып қалмасаңыздар екен. Барлық нәрсенің ақырын білмей, тон пішуден аулақ болайықшы, – деп жауап берді Төреғалидің әйелі. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары