28.08.2023, 11:00

Блогер Zheka Fatbelly әйелінің түрін жасыруға қатысты мәлімдеме жасады

Фото: instagram.com/zheka_fatbelly
Біз үшін осылай ыңғайлы, солай шештік.

Zheka Fatbelly деген атпен танымал қазақстандық блогер Жеңіс Омаров әйелінің жүзін жасыруға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Zheka Fatbelly Instagram-дағы парақшасында оқырмандарынан барлық постының астына келіншегінің жасырынған бет-жүзі туралы жазбауды сұрады.

Мен жаза кетейін, енді ешкім жасырынған бет-жүзі туралы жазбасыншы. Біз үшін осылай ыңғайлы, солай шештік. Осылай қабыл алыңыз және біз үшін қуаныңыздар!, - деп жазды блогер.