$ 487.37  532.94  5.09

Ләйлә Сұлтанқызы: «Азаматымнан айырылғаныма 1 жыл болады»

Қисық қабырға, мойын болып, арқа сүйей алатын кездерімді сағындым.
Фото: instagram.com/sultankyzy
Фото: instagram.com/sultankyzy

Отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевтың жылдық асын берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тележүргізуші қос ұлын ертіп күйеуінің туған жері Қызылкөл ауылына барған. 

Уақыт деген жүйрік қой… 2 айдан кейін азаматымнан айырылғаныма 1 жыл болады. Күні кеше үйдің үлкендерінің шешімімен туған ауылы Қызылкөлде жылдық асын бердік. Ел арасында ішінара 6-7 ай өткен соң, күз мезгіліне сәйкес келсе қатым құран оқылып, жылдық асы беріледі екен. Е-ее, зымыраған жүйрік уақыт десеңші… Қисық қабырға, мойын болып, арқа сүйей алатын кездерімді сағындым. Отбасы, бауырлар,ауылдастармен құран оқып, бас қостық. Ағайын-туыс, жора-жолдастарға берілетін үлкен ас қараша айына жоспарлануда. Құдай амандығын берсе..., – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары