04.09.2023, 03:30

«9 жыл қасыңда болмадым»: Әбдіжаппар Әлқожа әйеліне көлік сыйлады

фото: Instagram.com
Сен менің жан дүниеме керексің.

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа отау тіккен күніне орай жарына жаңа көлік сыйлады. Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

Махаббатымның бәйбішесі туған күнің құтты болсын. Үйленгенімізге 9 жыл болса, 9 жыл сені бірде-бір жыл дұрыс құттықтап, қасыңда болмаппын. Осы жылы, осы жолы барымша қуантуға тырыстым. Сен менің жан дүниеме керексің, Оригиналым. 4 сағатта ұйымдастырған осы кеште әрқашан қолдайтын алтын достарыма алғысым шексіз", – деп жазған әнші.