Қытайда «Singer 2017» ән додасында өнер көрсетіп жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайберген байқаудың жетінші кезеңінде үшінші орын алды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жобаның жетінші кезеңінің түсірілім жұмыстары бүгін таңға жақын аяқталып, әншілер өз өнердерін көрсеткен. Нәтижесінде, қазақтың «Дайдидау» әнімен көрермен жүрегінен орын алған отандасымыз үздік үштіктен көрінді
Гонконг қаласының тумасы Sandy бас жүлдені, жобаға жаңа қосылған Ли Цзянь екінші орынды иеленді. Айта кетерлігі, жобаның он кезеңнен тұратын іріктеу бәсекесінде алғашқы жеті әншіден тек төртеуі қалды. Димаш жалпы есепте үшінші орыннан түскен жоқ.
Еске сала кетейік, «Singer 2017» байқауының алтыншы кезеңі эфирден 25 ақпан күні көрсетілетін болады.