$ 444.32  473.33  4.76

Лара Фабиан Димаш Құдайбергенді сәтті өнер көрсетуімен құттықтады

Әйгілі опера әншісі Лара Фабиан өзінің Facebook-парақшасында Димаш Құдайбергенді I am a Singer ән байқауының алтыншы турындағы жеңісімен құттықтады.

Естеріңізге салайық, Димаш аталған ән байқауының алтыншы турында Adagio композициясын орындаған болатын. Бұл әнді кезінде Лара Фабиан мен өзге танымал опера әншілері орындаған.

Алтыншы турдың қорытындысы бойынша Димаш Құдайберген байқаудың көшін қайта бастады. Ән конкурсы барлығы 14 кезеңнен тұратынын айта кету керек.

"Adagio құрлықтарды саяхаттауда... I Am a Singer телевизиялық байқауында өнер көрсетіп жатқан Димаш Құдайбергенді құттықтаймын, - деп жазды Лара Фабиан өзінің Фэйсбуктегі парақшасында. Бұған дейін танымал әнші Димаштың талантына жоғары баға беріп, онымен уақыты келгенде жолығатынын мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген қатысып жатқан I Am a Singer ән байқауы Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары