$ 498.34  519.72  4.85

Актер Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен не үшін ажырасқанын ашып айтты

«Ол видеоны негізі әлеуметтік желіге салмаймын деген едім. Эмоциямен кетіп қалды. Ертесіне неге істедім деп, өкініп қалдым...»
Фото: instagram.com/bidash_official
Фото: instagram.com/bidash_official

Актер Жахан Отарғалиев НТК телеарнасының OZMZ ғой бағдарламасына берген сұхбатында Балжан Бидашпен не үшін ажырасқанын айтты, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқи отырыңыз: «Шындықты білуге лайықсыздар»: Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен айырылысқанын растады

Біріншіден, біз халық алдында жүрдік. Мен ешқашан, қалай қиналсам да отбасыммен хайп жасамаймын. Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Ол кез келген нәрседен шығып кетуі мүмкін. Аллаға шүкір, біз жақсы өмір сүрдік. Қазір біздің арамызда болып жатқан жанжал тек екеуімізге қатысты. Ол екеуіміздің арамызда қалуы тиіс. Қазір "Өзі жоқтың - көзі жоқ" деп, екеуіміз жайлы айтып, өзімді күшті қып көрсетіп қойғаным болмайды. Ол видеоны негізі әлеуметтік желіге салмаймын деген едім. Эмоциямен кетіп қалды. Ертесіне неге істедім деп, өкініп қалдым. Біз бет жұлысып, соттасып жатқан жоқпыз. Түсініспеушілік болды. Қазіргі таңда бір-бірімізді көшеде кездестірсек, танымай өтетіндей жағдайда емеспіз. Өте жақсы қарым-қатынастамыз, - деді Жахан Отарғалиев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары