$ 441.44  473.09  4.75

«Әке жайлы айтпаймын, қозғамаймын өлең де». Тележүргізуші Садраддиннің әніне қатысты пікір білдірді

Үлкен трагедияны екі сөзбен жеткізіп тұрғандай.
Фото: shahkerim инстаграм парақшасынан
Фото: shahkerim инстаграм парақшасынан

Белгілі тележүргізуші Шахкерім Кәрмен әнші Садраддин Болаттың "Түн" әнінің сөзіне қатысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы тележүргізуші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Садраддинның "Түн" әніндегі "әке жайлы айтпаймын қозғамаймын өлең де" деген сөзі романда баяндап жеткізе алмайтын адам өміріндегі үлкен трагедияны екі сөзбен жеткізіп тұрғандай. "Ұлым" демейтін әкелер болса да, "Елім" дейтін ұл туады дегенменен. Елестетіңізші, 10 мың адам осындай ұлымыз бар деп мақтанып тұрды. Жаратқан ием жар болсын! Тілектеспін. Еркектерге, балаңыз өлеңге қосатындай өмір сүріңіз. Әйелдерге, балаңыз осындай болатындай өмір сүріңіз!, - деді тележүргізуші.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары