14.09.2023, 11:20

Блогер Zheka Fatbelly-ге қайын атасы су жаңа көлік сыйлады

Фото: instagram.com/zheka_fatbelly
Мен 26 жасқа келгенде қайтадан әкелі болдым.

Жақында шаңырақ көтерген блогер Zheka Fatbelly қайын атасы су жаңа көлік сыйлады, деп жазды Skifnews.kz.

Папам, яғни қайын атамнан сыйлық. Бұл жазбам көлік немесе сыйлық, мақтану жайлы емес. Бұл жазбам 17 жасында әкесінен айырылған кішкентай Жеканың сезімі жайлы болмақ. Әкем өмірден өткенде мен үшін алға қадам басу өте қиын болды. Алланың қалауымен бәрін өз қолыма алдым.

Мен 26 жасқа келгенде қайтадан әкелі болдым. Құдай мені ешқашан жетім қалдырған емес. Бұл сезімнің қандай екенін енді түсіндім. Өзімді ерке жасөспірім сезінудемін. Біздің отбасымыз үлкейді, бақыттымын", - деп жазды ол.