$ 442.05  474.14  4.74

Ұлықпан Жолдасов атышулы блогер Мұрат Әбділдәға іздеу жариялады

Әндеріңді шығарайық. Біраз ән жазып тастапсың.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Ұлықпан Жолдасов атышулы блогер Мұрат Әбділдәні іздеп жатыр. Бұл туралы әлеуметтік желіде әнші Ғаділбек Жанай жариялады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әнші Ұлықпан Жолдасов Мұраттан көмегін аямайтынын жеткізген.

Мұратжан, Мұрат көп қой. Мұраттардың ішіндегі Әбділдә. Мұрат Әбділдә, інім-ай, шықты деген сондай бір жақсы хабар естіп жатырмын. Шығып жатсаң, хабарлас, кел, Астанаға соқ. Әндеріңді шығарайық. Біраз ән жазып тастапсың. Интервьюіңді көрдім, соңғы интервьюің ұнады маған. Сондықтан көмегім дайын. Іздеп таба алмай жатсаң, Ғаділбек (бар - еск.), - дейді Ұлықпан Жолдасов.

"Маған жаз, мен тауып беремін", - дейді Ғаділбек Жанай да.

Айта кетейік, Мұрат Әбділдәнің Instagram-да 40 мыңнан аса және Tiktok-та 111 мыңнан аса оқырманы бар. Ол алғашында әлеуметтік желілердің жұлдызы болуды ойламаған. Блогер жай ғана ән айтып, түрлі видеолар түсіріп, жариялап жүрген, кейін оны халық тани бастады.

Сонымен қатар, ол Instagram-дағы даулы жазбалары мен әнінің салдарынан "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін" 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары