$ 494.87  520.65  4.91

«Тоздым мен, тоздым»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бірінші отбасы қарғап жүргенін айтты (ВИДЕО)

Бұл жағдай әншінің жүйкесін жұқартып жіберген көрінеді.

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова «Алғашқы» бағдарламасына берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділовтің бірінші отбасы өмір бойы қарғап келе жатқанын айтты, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл жағдай әншінің жүйкесін жұқартып жіберген көрінеді.

Ең батылы барған жігіт Зәкең болды ғой. Ұстап алды да, қамап тастады ғой. Ол жалғыз болмады, нөкерлері болды ғой. «Көнсең де, көнесің. Көнбесең де, көнесің» деді. Сондай да махаббат болады екен. Зәкеңе «Зәке, мен сізге ғашық емеспін. Қалай алайын деп тұрсыз мені? Мен сізді жақсы көрмеймін. Мен сізді сыйлаймын» дедім. «Екіншіден, сіздің отбасыңыз бар. Ертең олар мені қарғайды, күн көрсетпеуі мүмкін» дедім. Сол тура шықты. Өмір бойы мені қарғаумен өтті. Өмір бақи менімен күресумен келе жатыр. Сол менің жүйкемді тоздырмады дейсің бе? Өтіріктен әртіс болып жүрмін, рөл ойнап... Шынына келгенде, мені сол тоздырды. Зәкеңнің махаббаты үшін әлі басымды иіп келе жатырмын. Ол кісі мені қорғаштады, қорғады. Тоздым мен, тоздым, - дейді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары