$ 494.87  520.65  4.91

Әйелімен ажырасқан Заңғар Нұртас жаңа сүйіктісін ата-анасымен таныстырды (ВИДЕО)

Бұйырса келінді Алматыға, анамның жанына апарамын.
Скриншот: instagram.com/zangaar
Скриншот: instagram.com/zangaar

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың кіші інісі Заңғар Нұртас ата-анасын болашақ әйелімен таныстырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заңғар Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісі Индира мен ата-анасының бір дастархан басында отырған видеосымен бөлісті. Бейнежазба астына ол: “Берекесін берсін” деген жазу қалдырды.

Астанаға қара шаңыраққа келіп қалдық. Отбасымыз үш қалада. Анам Алматыда жалғыз өзі, Қайрат ағам көбіне жанында болады. Әкем Аян ағамның қолында Астанада. Мен Шымкентте. Бұйырса келінді Алматыға, анамның жанына апарамын, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары