$ 444.14  477.05  4.85

Жақында тұрмысқа шыққан Индира Еділбаева орамал тағып, сәлем салмайтынын айтты

Тойымның қалай өткенін есіме алсам керемет күйге енемін.
Фото: instagram.com/indi_edilbayeva
Фото: instagram.com/indi_edilbayeva

Жақында тұрмысқа шыққан әнші Индира Еділбаева «НТК» арнасына берген сұхбатында отбасылық өмірі туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің айтуынша, жас жұбайлар ата-аналарынан бөлек тұрады.

Тамақ әзірлеу, киім жуып, үтіктеу маған ұнап жүр. Оған себеп, біріншіден, махаббат. Екіншіден, осындай үй тірліктерімен айналысқым келді. Мен бұдан ләззат аламын, – деді Индира Еділбаева.

“Яғни, сіз үйде орамал тағып, сәлем салмайсыз, солай ма?” деген журналистің сауалына: “Иә, бізде ондай жоқ”, – деп жауап берді.

Индира Еділбаева тойына төрт ай дайындалып, ұйымдастырушылармен ақылдаса отырып жасаған. Ол өзіне тойының қалай өткені көңілінен шыққанын жасырмады.

Тойымның қалай өткенін есіме алсам керемет күйге енемін. “Жарайсың, жақсы істедің” деп өзімді мақтаймын, – дейді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары