22.09.2023, 11:20

«Тәтті шай іштік»: Нұртас Айдарбеков жақында кенже ұлы Заңғардың екінші рет үйленетінін айтты

Фото: Видеодан алынған кадр
Құдалар оңтүстік өңірдікі.

Нұртас Айдарбеков «Ұйқым келмейді» бағдарламасында жақында кенже ұлы Заңғардың екінші рет үйленетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аллаға шүкір. Адамнан жасыра алмайсың ғой. Құдай қаласа, той болып қалады деген үміттеміз. Тәтті шай іштік. Құдай қаласа, бәрі дұрыс болатын шығар. Ертеңгі нәрсені айтудың өзі қиын болып қалды ғой. Дегенмен, үмітсіз емеспіз.

Құпия ештеңе емес. Балаңның басы екеу болып жатса, қуаныш қой. Құдалар оңтүстік өңірдікі, - деді Нұртас Айдарбеков.