$ 442.05  474.14  4.74

Айтыскер ақындар инкубатордың баласындай болып келе жатыр – Дәулеткерей Кәпұлы

Қазір халық айтыскер ақындарды радиодан тыңдаса, Айнұрды, Балғынбекті, Бекарысты тануы мүмкін.

Танымал айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы қазіргі әріптестеріне не үшін көңілі толмайтынын ашып айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мен айтысты қойғалы 15 жыл болса, 15 жыл бойы домбыра ұстап не бір арнау айтып, не бір беташар жасамағам. Айтыстан саналы түрде бас тартқаннан кейін әдебиетпен, поэзиямен айналысамыз дегеннен кейін қалай айтысқанымды да ұмытып қалғам. 2008 жылы айтыспен қоштастым, содан кейін болып жатқан айтыстарға 4 жыл барған жоқпын, эфирден айтыс қараған жоқпын, мүлдем айтыс көрмей кеттім. Баратын болсам шыдай алмайтын сияқты сезім болды. Әбден бойымды суытып 4 жылдан кейін ұйымдастыруына, қазылығына араласа бастадым. Оған дейін өзіме өзім сенімді болмайынша барған жоқпын. Айтыспен қоштасқанда мен 31 жаста екем, енді толысқан кезім. Бірақ поэзия бәрібір де көп толғантты. Қазір халық айтыскер ақындарды радиодан тыңдаса Айнұрды, Балғынбекті,  Бекарысты тануы мүмкін. Қалған ақындардың көбі бір стильде, бір сөз саптаумен, инкубатордың баласындай болып келе жатыр. Менің қарным ашатын дүние осы, - дейді ол. 

Дәулеткерей Кәпұлы жазба ақындары тарапынан айтыскер ақындарға деген қызғаныштың да болатынын жасырмады. 

Жазба поэзияның өкілдерінің түн қатып, түс қашып отырып, зерттеп жазған дүниелері бар. Бірақ, солар бағаланбай жатқан кезде айтыскер ақындардың сахнадағы арзан шумақтары қатты бағаланып, машинадан машина, ақшадан ақша алады, танымал болады деген әңгімелер бар. Бірақ айтысқа  да жеңіл деп қарамау керек. Мен өзім айтыстан шыққан адам ретінде жазба поэзияның өкілдеріне "мықты болсаң, шығып айтысып көр" деп айтқым келеді. Өйткені сахнада терлеп, халықтың көңілінен шығып, қарсыласыңа жауап беріп, тақырыпты терең жырлап беру деген үлкен еңбек. Сондықтан айтыскер-ақындар "жарты сағат жырнап, машина мініп кетті" деген қызғанышты қою керек, - дейді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары