$ 498.34  519.72  4.85

«Маған сөйлемеді, тамақтарымды жемеді». Абай Бегейдің әйелі қыздарымен қарым-қатынасы туралы айтты

Не істесем ренжімейді, не айтсам ренжімейді деген ұранмен өмір сүремін.
Фото: fari___za____zhan инстаграм парақшасынан
Фото: fari___za____zhan инстаграм парақшасынан

Белгілі әнші Абай Бегейдің екінші әйелі Фариза Жұманова өзін бастапқыда қыздары қалай қарсы алғанын айтып берді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, алғашында үлкен қиындықтан өткен.

Түн ортасында жылап отырмын. Үйлену тойымыз болып, тақсыр қыздарды Алматыға алып келемін деді. Үлкен айқай-шу болды, оның шет жағасы бәріңізге мәлім… Есімде таңның уақыты, дастархан жайып, аэропорттан тақсыр мен екі қызымды күтіп отырмын. Ішім деген алай-дүлей, бір бөлмеде ары-бері жүрмін. Бір кезде келді, есікті аштым, екі қызым тұр, бетіме суық қарады (көңіл-күйлері жоқ) да, ішке кіріп кетті, папалары амандасыңдар деп еді үндемеді, жүрегім сондай қан жылады, білдіртпедім. Маған мүлдем сөйлемейді, сұрақтарыма жауап бермейді! Барымды салып, тәтті тамақтар пісірдім, жемеді. Тек дұғамды жасап, жәймен-жәймен алдастырдым. Әлі күнге дейін сол - дұғам мен алдастыру. Мені сөгетін адамдарға бір айтарым, әлі күнге дейін мен не істесем де, не айтсам да мың қадам алға ойланамын, саралап, саптап, өлшеп жасап айтамын. Соншама жыл жинаған махаббат пен қарым-қатынас маған қымбат. Не істесем ренжімейді, не айтсам ренжімейді деген ұранмен өмір сүремін, - дейді ол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары